Қазақстанда 2024-2030 жылдарға арналған Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын іске асыру

ҚР-да 2024-2030 жылдарға арналған Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жаңа тәсілдері мен тетіктерін іске асырудағы ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Еуразиялық Топ (ERG) KIOSH-2024 “еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік: өзгерістерді басқару және инновациялық көшбасшылық”конференциясында қол қойды. Құжатқа ведомство басшысы Светлана Жақыпова мен Қазақстандағы ERG бас директоры Серік Шахажанов қол қойды.

Меморандум шеңберінде Тараптар еңбекті қорғауды басқарудың тәуекелге бағдарланған ұлттық жүйесін дамыту жөніндегі өзекті міндеттерді шешу бойынша бірлескен іс-қимыл жасауға ниетті. Ол 2024-2030 жылдарға арналған Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасына сәйкес жаңа тәсілдер мен тетіктерді іске асыру шеңберінде қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етуге тиіс.

Өнімнің бағасын біліңіз​

Назар аударыңыз! * Жұлдызшамен белгіленген өрістерді толтыруды ұмытпаңыз